Облыста – жаңа әкім

Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт ТОҚАЕВТЫҢ Жарлығымен Ұлытау облысының əкімі Берік ƏБДІҒАЛИҰЛЫ қызметінен босатылды. Аптаның басында аймағымызға келген Премьер-министр Олжас БЕКТЕНОВ Президент тапсырмасы бойынша Ұлытау облысының активіне жаңа əкімді таныстырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Олжас Бектенов пен Президент Əкімшілігінің Басшысы Айбек Дəдебай Ұлытау облысы мəслихатының сессиясына қатысып, облыс əкімі лауазымына Дастан Рыспеков пен Ұлантай Үсеновтің кандидатураларын депутаттардың қарауына ұсынды.
Ашық дауыс беру нəтижелеріне сəйкес 64 депутаттың 49-ы Дастан Рыспековтің кандидатурасын қолдады, 15 депутат өз дауыстарын Ұлантай Үсеновке берді.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Дастан Адайұлы Рыспековті Ұлытау облысының əкімі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Бұдан соң Премьер-Министр облыс активімен кездесіп, өңірдің жаңа əкімін таныстырды. Үкімет басшысы өз кезегінде Берік Əбдіғалиұлына өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Ұлытау облысы басшылығының алдында экономиканы əртараптандыру, жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестициялық ахуалды жақсарту, инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ экология мəселелерін шешу, көлік жəне туристік əлеуетті барынша дамыту бойынша маңызды міндеттер қойғанын атап өтті.

Досан ДУЛЫҒАЛЫ.