Облыстағы вокзалдардың жаңғыртылуы бақыланды
Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысов Жезқазған, Қаражал, Жаңаарқа аудандарының теміржол вокзалдары мен Қызылжар станциясында болып, құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын тексерді.
Сапар барысында ол атқарылып жатқан жұмыстардың қарқыны баяу екенін атап өтіп, алдағы суық маусымға дейін негізгі кезеңдерді аяқтау қажеттігін қадап айтты. Осыған байланысты мердігер ұйымдарға жұмысты жеделдетіп, белгіленген мерзімде сапалы орындау жөнінде тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар техникалық шешімдерді келісу, жобалау және мемлекеттік сараптама қорытындысын алу мәселелерін жеделдетуі қажеттігі айтылды.
«Реконструкцияның басты мақсаты – жолаушылар мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасау. Жұмыстар сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс», – деді облыс әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысов.