Облыс әкімі аппараты басшысы орынбасарының жаңадан ашылған лауазымына Ақжол Ахатұлы Құрмансейіт тағайындалды

Ақжол Ахатұлы Құрмансейіт 1990 жылы 23 қарашада Жезқазған облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылында туған.

Білімі – жоғары. 2012 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін тәмамдаған. Біліктілігі – қаржыгер.

2016-2018 жылдары «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономика университетінің магистратурасында менеджмент мамандығы бойынша оқып, экономика магистрі дәрежесін иеленген.

Еңбек жолын 2012 жылы «Қаражал қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ маманы болып бастаған.

01.2013-02.2013 жж. – «Қаражал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманының міндетін атқарушы;

02.2013-09.2014 жж. – «Қаражал қаласының жастар ісі жөніндегі орталығы» КММ директоры;

09.2014-03.2015 жж. – «Қарағанды облысының жастар бастамашылдығы орталығы» КММ директорының орынбасары;

03.2015-02.2019 жж. – «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ директоры;

02.2019-11.2021 жж. – ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ департамент директорының орынбасары;

11.2021-09.2022 жж. – «Ұлытау аудандық «ULYTAU» газетінің редакциясы» ЖШС директоры;

09.2022-02.2024 жж. – Қаражал қаласы әкімінің орынбасары.

Үйленген. 5 баласы бар.