Жұмыс – жүйелі, құрылыс – қарқынды

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысов Жезқазған қаласында салынып жатқан «Оқушылар сарайы» құрылыс нысанында көшпелі кеңес өткізді. Аталған нысанның бас мердігері – «ELITE CONSTRUCTION STROY» ЖШС.

Қазіргі уақытта нысанның іргетасы қаланған, құрылыс қарқынды жүруде. Ғимарат белгіленген кестеден озық салынуда. Әкім орынбасары жұмыстың қазіргі қарқынына оң баға берді.

«Біз мердігердің жұмысты үйлесімді және жауапкершілікпен орындап жатқанын көріп отырмыз. Құрылыстың қарқыны сенім тудырады. Нысан құрылысының белгіленген мерзімінде, тіпті одан да ертерек аяқталатынына үміттіміз», – деп атап өтті Алмаз Серікболұлы.

Айта кетейік, аталған жобаның жүзеге асырылуы Б.Өтемұратов қорының қолдауымен жүргізілуде. Қор өңірдің әлеуметтік саласын дамытуға жан-жақты көмек көрсетіп келеді.