Мобильді аударым: Туыстар арасындағы ақша тексерілмейді
Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, аударымдарға қатысты талап сақталмаса, яғни 3 талап бірдей бұзылса ғана тексеріледі.
Атап айтқанда:
✅100 түрлі адамнан ақша түссе;
✅100 адам бір адамға үш ай қатарынан ақша аударса;
✅Аударылған сома 1 млн 20 мың теңгеден асса.
«Егер туыстар арасында ақша аударылса, 1–2 млн теңге болса да тексерілмейді. Ал бір адамға 3 ай қатарынан 100-ден астам адам аударым жасаса және ақша 1 млн теңгеден асса ғана бақылауға алынады», – деді Ержан Біржанов.