Мердігерлерге миллиардтаған қаражат аударылды, ал сапа жоқ – Үкімет басшысы
Премьер-Министр Олжас Бектенов сапасыз жолдарды қабылдамау жөнінде Үкімет отырысында айтты.
«Проблемалардың бірі – жергілікті атқарушы органдар жол сапасына жасалған экспертизаға салғырт қарайды. Тіпті сапа орталығы теріс қорытынды берсе де, бөтен зертханалардың оң қорытындысымен жергілікті маңыздағы жолдар пайдалануға беріліп жатыр», — деді ҚР Көлік министрлігі «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК басшысы Б. Айтбаев Үкімет отырысында.
Премьер-Министр Олжас Бектенов мұның себебін сұрады.
«Не кедергі? Сіздердің ескертулеріңіз міндетті түрде орындалуы үшін, қорытынды берілмей, актілерге қол қойылмауы үшін қандай шешімдер қабылдау керек? Мердігерлерге миллиардтаған қаражат аударылды, ал сапа жоқ», – деді О. Бектенов.