Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды
Ерлан Ермаханбетов 1987 жылы дүниеге келген. Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Шымкент қаласының Медициналық академиясының жастармен жұмыс жасау бойынша маманы қызметінен бастаған.
Әр жылдары Түркістан және Атырау облыстарында Мемлекеттік қызмет істері жүйесінде жұмыс істеді.
2024 жылдан бастап Мемлекеттік қызмет істері агенттігі орталық аппаратында Департамент директоры қызметінде еңбек етті.