Мемлекеттік тілге – айрықша назар

Тіл – ұлттың жаны. Тіл болмаса сөз де болмайды. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Осыған орай, Ұлытау аудандық сотының ғимаратында «Мемлекеттік тіл туралы» мəселе қаралып, дөңгелек үстел аясында келелі ойлар, кемел түйіндер ортаға салынды.

Маңызды басқосуға Ұлытау аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Іргебаев, аудан прокурорының көмекшісі Серік Хожаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Руслан Ділмұхамедов, аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрлан Қасымбеков, аудандық кірістер басқармасының басшысы Жасұлан Мұхамбетов жəне БАҚ өкілдері қатысты.
Алдымен, отырысқа қатысушылар аталған тақырып аясында тілге қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстарын баяндады. Бірінші кезекте іс-қағаздар, ақпараттық түсініктемелер үнемі қазақ тілінде жазылатындығын айтып өтті. Ал, құжаттарды рəсімдеу жұмыстары да мемлекеттік тілде жасалатындығын жеткізді. Сөз соңында тіл – халық үшін баға жетпес құндылық екенін баса айтты.
Отырысты түйіндей келе Ілияс Асылханұлы ана тілі тағдыры – қазақ елі үшін өзекті мəселе болып отырғанын айтып, тіл мəртебесінің өсуіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Қайрат ЖҰМАБАЙ.