Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауға қатысты семинар өткізілді
Мемлекеттік қызмет жүйесінде кәсібилікті арттыру және нәтижелілікті бағалау мақсатында Ұлытау облысы бойынша жергілікті атқарушы органдарының персоналды басқару қызметкерлерімен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауға қатысты семинар өткізілді.

Бағалау Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тиісті нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
Бағалаудың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің қызмет нәтижелерін әділ және ашық түрде талдау, олардың кәсіби даму деңгейін айқындау және тиімділігін арттыру болып табылады.
Семинар барысында «Б» корпусы қызметшілерін бағалаудағы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, қызметшілерді бағалау барысында кездесетін мәселер мен сұрақтар талқыланып, тиісті жауаптар ұсынылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысы бойынша филиалында қайта даярлау курсында дәріс алушыларға «Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіруге бағытталған соңғы заңнамалық түзетулермен тыңдаушыларды таныстыру, енгізілген өзгерістердің практикалық маңызын түсіндіру және мемлекеттік қызметті одан әрі кәсібилендіру мәселелерін талқылау.
Семинар бағдарламасы аясында «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарға енгізілген жаңа нормалар, мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсу жүйесін жетілдіру бағыттары, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жалпы және арнайы шектеулер, қызметтік этика нормалары мен мүдделер қақтығысын реттеу тетіктері мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі және тәртіптік жауапкершіліктері бойынша негізгі мәселелер талқыланды.
Семинар қатысушылары заңнамалық жаңалықтардың мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына және мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Іс-шара мемлекеттік қызмет жүйесіндегі реформаларды түсіндіруге және оларды тәжірибеде тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін маңызды алаң болды.
