Мемлекет басшысы ғалымдарды марапаттау рәсіміне қатысты

Президент Ғылым күні қарсаңында ғалымдармен кездесіп, кәсіби мерекесімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымның әр саласында табысты еңбек етіп, мемлекетімізді өркендетуге атсалысып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.

– Ғылым жолы – күрделі жол. Өз ісіне адал, табанды, еңбекқор, жаңашыл әрі жасампаз адамдар ғана ғылым жолындағы қиындыққа төзе алады. Біз шын мәнінде озық ойлы ұлт боламыз десек, қоғамда осы қасиеттерді дәріптеп, орнықтыруымыз қажет. Ұлы Абай да өз заманында «Ғылым таппай мақтанба» деп өсиет қалдырды. Қазір технология қарқынды дамыған кезеңде біз үздіксіз ізденіске, терең білім мен ғылымға ерекше мән беруіміз керек. Мен Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай кезінде арнайы осы мәселеге тоқталдым. Бұл ретте, ғылыми қауымдастыққа айрықша жауапкершілік жүктеледі. Өйткені, ғалым – ұлттың шамшырағы, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиында:

Басқосуда Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ғылымға баса мән берілмегені, көптеген ғалымның басқа салаға ауысып кеткені жайында айтты.

Мемлекет ғылымды дамыту үшін қабылдап жатқан нақты шараларға тоқталды.

Ғылым академиясын жаңғырып, жоғары ғылыми ұйым мәртебесі берілді.
✔️Инфрақұрылым жүйесі жаңартылып жатыр. ✔️Кадр даярлау ісі жолға қойылды.
✔️Былтыр қабылданған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң осы үрдістерге тың серпін берді.
✔️ соңғы жылдары бұл бағытқа бөлінетін қаржы 3,5 есе артты, жас зерттеушілерге қолдау күшейді.

Отандық ғылымның алдында тұрған бірқатар маңызды міндетке назар аударды.

Университеттер тың зерттеулер мен жаңалықтардың бастауында тұруға тиіс екенін айтты.

Кәсіпорындарды ғылымды дамытуға үлес қосуға шақырды. Олар университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлесіп, жаңа өнімдер шығаруы керек.

Қазіргі әлемдік ахуалға тоқталды;

Жиын соңында Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады.

Іс-шарада «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» атағы тұңғыш рет тапсырылды. Сондай-ақ бір топ жас ғалымға баспана кілті берілді.