Мектепке микроавтобус кілті табысталды

Бүгін аудан әкімі Аманжол Мырзабеков Қарсақпай кентіндегі Жамбыл Жабаев атындағы №15 Тірек мектебі/ресурстық орталығына арнайы барып, мектеп ұжымына оқушыларды тасымалдауға арналған жаңа микроавтобустың кілтін табыстады.

Салтанатты шараға облыстық мәслихаттың депутаты Мұрат Мәткенов, ауданның білім бөлімінің басшысы Бағдат Әбдірайымов арнайы қатысып, аудан басшысымен бірге мектеп ұжымы мен оқушылардың қуанышына ортақтасты.



– Мемлекет басшысы “Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы керек» деген болатын. Соған сәйкес, облыс басшысы Берік Әбліғалиұлының қолдауымен ауылдардағы мектептерге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, кезең-кезеңімен жаңа автобустар берілуде. Бүгін міне, біз Жамбыл Жабаев атындағы №15 Тірек мектебі/ресурстық орталығына микроавтобус кілтін табыстап отырмыз. Бұл біздің аудан үшін үлкен қуаныш. Қуаныштарыңыз тағы да құтты болсын! Темір тұлпарларыңыз осы мектепке ұзақ жылдар бойы қызмет етсін!», – деді аудан әкімі.



Айта кетейік, микроавтобус алу үшін облыстық бюджеттен 15 900 000 теңге бөлінген. Ол бір мезетте 15 баланы тасымалдауға арналған.

Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.