Медициналық сақтандырудың мүмкіндігін қалай пайдаланамыз?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайын жалақысынан жарна төлегенімен, мекенжайы бойынша емханаға жүгінбеген тұрғындар әлі күнге кездеседі екен. Әсіресе, жастар жағы медициналық тексеруден тегін өтуге болатынын ескере бермейді.

Маңызды сұрақтар мен жауаптар:
Учаскелік дәрігерге бару үшін сақтандырылу міндетті ме?
Жоқ. Терапевтке кез келген адам бара алады. Бірақ бейінді мамандарға жолдама алу үшін «сақтандырылған» мәртебесі қажет.
Неге маманға тек терапевт арқылы жазылады?
Себебі учаскелік дәрігер бастапқы тексеру жасайды, алдын ала диагноз қояды және қандай маман қажет екенін анықтайды.
Анализдер мен диагностикаға жолдама қалай беріледі?
Барлық тексерулерді терапевт тағайындайды. Егер көрсеткіштер болса, зертханалық және диагностикалық зерттеулерге жолдама беріледі. Бұл үшін пациенттің МӘМС аясында сақтандырылған болуы қажет.
Жеке клиникада МӘМС есебінен операция жасауға бола ма?
Ауруханаға жатқызу көрсеткіштері пациенттің жағдайына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
