Медицина, фармацевтика, биотехнология саласындағы ғалымдарымыздың әлеуеті өте жоғары – Мемлекет басшысы
Халықты отандық медициналық бұйымдармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету деңгейін кезең-кезеңімен көтеру маңызды. Осы салада халықаралық деңгейдегі жетекші компаниялармен қарым-қатынас орнатып жатқанын айтты.
«Отандық денсаулық сақтау саласының дамуы халықтың орташа өмір сүру ұзақтығынан көрінеді. Қазақстанда бұл меже 75 жастан асты. Бірақ осы көрсеткіш бойынша әлемдегі жетекші елдерден ондаған жылға артта қалып қойдық. Бұл – біз ұмтылатын мақсаттың бірі», – деді Президент.