МӘМС төленбесе, несие де берілмейді
Жаңа ережелер жобасына сәйкес, банктер қарыз алушының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, міндетті әлеуметтік сақтандыруға және басқа да міндетті төлемдерге қарызы бар-жоғын тексеруге тиіс. Бұл мәліметтер қарыз алушының тәуекелдік профилін қалыптастыру кезінде есепке алынады және несие беру шешіміне ықпал етуі мүмкін.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлем жасамау банктер үшін қосымша тәуекелдер туғызады. Себебі міндетті төлемдерді уақытылы немесе әдейі төлемеу қарыз алушының қаржылық жауапкершілігінің төмендігін көрсетеді және оның несие міндеттемелерін бұзу ықтималдығын арттырады», делінген құжатта.
