МӘМС аясында балаларға тіс импланттары салынбайды
Әлеуметтік желілерде Алматы, Астана, Шымкент қалаларымен қоса бірнеше облыста 18 жасқа дейінгі балаларға МӘМС аясында брекеттер мен импланттар орнату бойынша пилоттық жоба басталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Медициналық сақтандыру қоры осы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта мұндай жобаның іске қосылмағанын ресми түрде хабарлаймыз. Естеріңізге сала кетейік, МӘМС бойынша тегін тіс емдеу көмегі халықтың белгілі санаттарына ғана қолжетімді. Атап айтқанда, балалар жедел және жоспарлы стоматологиялық қызметтерге жүгіне алады», делінген қордың ресми таратқан ақпаратында.
Негізі МӘМС жүйесі бойынша ортодонтиялық көмекті де алуға болады.
