Мұхтар Ниязов: «Ұлттық сана құқықтық санамен ұштасқанда ғана кемелденеді»

Жалпыұлттық коалиция мүшесі, белгілі айтыскер ақын Мұхтар Ниязов Абай облысының зиялы қауым өкілдерімен өткен кездесуде Конституцияға енгізілген өзгерістерді тарихи эволюцияның заңды жалғасы деп атап, референдумды азаматтық кемелдіктің көрінісі ретінде бағалады.

«Бүгін біз жай ғана саяси науқанның қарсаңында емес, тарихи таңдаудың алдында тұрмыз. Конституция – жай ғана заңдар жиынтығы емес. Ол – халықтың тарихи тәжірибесі мен рухани ізденісінен туған қоғамдық келісім. 1995 жылы қабылданған Конституция тәуелсіз мемлекеттің іргесін бекітіп, өз тарихи миссиясын абыроймен атқарды. Ол кезеңде басты міндет – мемлекетті сақтау, тұрақтылықты орнықтыру еді. Уақыт өте қоғам күрделенді, азаматтық сана өсті, жауапкершілікке деген сұраныс артты. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған 2022 жылғы конституциялық реформалар – тарихи эволюцияның заңды жалғасы»,- деді ақын.

Сондай-ақ, ол шығармашылық қауымға қарата былай деді:
«Сіздер – ұлттық тарихи жадты сақтайтын, болашаққа бағыт беретін тұлғасыздар. Театрдағы қойылым, музейдегі экспозиция, кітапханадағы кітап – ұлттық сананы қалыптастырады. Ал ұлттық сана құқықтық санамен ұштасқанда ғана кемелденеді».