ҰЛЫТАУЛЫҚТАР РЕФЕРЕНДУМДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА
Таңертеңнен бастап аудан орталығындағы әрбір референдум учаскелерінің алдында халық қарасы қалың. Олардың барлығы да референдумда өз таңдауларын жасауға асығуда.
Елімізде өткізілетін саяси науқандардан қалмай дауыс беретін аудан тұрғындарының қатарында Ұлытау ауданының құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті журналисі Мағзұмбек Машайықов та бар. Саяси науқанға қатысу үшін референдум учаскескесіне арнайы барған ақсақал өз таңдауын жасады.
Ақсақал Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес өтіп жатқан референдум елдің жарқын болашағына бағытталған іс екендігін айтып, барша ел азаматтарын саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырды.