Ұлытаулықтар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының акциясына қатысады

Ауқымды іс-шара биыл Астана қаласында өтпек. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы тұжырымдамасына сәйкес «Бірлік керуені» және «Этноауыл» жобалары іске асады.

Осыған орай, Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысы Абзал Жайлыбайдың төрағалығымен кеңес өткізілді. Жиында ойындар аясында өтетін акцияны ұйымдастыру шараларының жоспары бекітілді.

Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының брендін танымал ету бойынша республикалық медиа-жоспарға сәйкес ақпараттық науқанның бірінші кезеңі бастау алды.