Ұлытаулық полицей жоғалып кеткен ер адамды екі күн іздеп, аман-есен тапты

Қызылжар кентінің 48 жастағы тұрғыны мотоциклмен жылқысын іздеп шыққан.

Алайда көліктен құлап, жарақат алып, далада қалып қойған.

Оны іздестіру жұмысына учаскелік полиция инспекторы Жангелді Қойшыбаев жетекшілік етті.