ҰЛЫТАУЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРГЕ – ҰТЫМДЫ МҮМКІНДІК
Берік Әбдіғалиұлы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдарымен кездесті. Жиында Ұлытау облысының әкімдігі мен «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, кездесуде Ұлытау облысының түлектері үшін ЕҰУ 28 білім беру грантын, сондай-ақ 6 атаулы стипендия бөлетіні атап өтілді. Профессорлармен кездесу барысында өңір басшысына «Ұлытау» керуені» бизнес-жобасы ұсынылды.
Делегация құрамында Жандарбек Мәлібеков те болды, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы облыс орталығы көшелерінің бірін ұлттық стильде қайта құруды және рәсімдеуді ұсынды.
Сондай-ақ, ЕҰУ ғалымдары келесі жылы Жезқазғанда математикадан үлкен республикалық олимпиада ұйымдастыруды ұсынды.