Ұлытау облысының әлеуметтік нысандары заманауи өрт мониторингі жүйесімен қамтылуда

Қауіпсіздікті арттыру мақсатында білім беру ұйымдары, денсаулық сақтау мекемелері, мәдениет және спорт нысандары және өзге де ғимараттарға заманауи өрт мониторингі жүйесін енгізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.

Жүйенің негізгі элементі – өртті ерте анықтау қосалқы жүйесі. Ол өрттің пайда болуын дер кезінде тіркеуге, төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге және шұғыл қызметтерді жұмылдыруға мүмкіндік береді. Бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерді айтарлықтай төмендетіп, материалдық залалды барынша азайтуға және әлеуметтік маңызы бар нысандардың сенімді қорғалуын қамтамасыз етеді.

Жүйе тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп, автоматты өрт дабылқаққыштарының жергілікті қондырғыларының жұмысын тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді. Мұндай жұмыс форматы тек қауіпсіздік деңгейін арттырып қана қоймай, сонымен қатар дабыл сигналдарына жедел әрекет ету арқылы техникалық қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Ұлытау облысында жүйеге 100 муниципалдық нысан қосылған. Жыл соңына дейін қажеттілікке қарай қосымша нысандарды қосу жоспарлануда. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын тауып, өңірдегі өрт қауіпсіздігі деңгейін жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.