Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлы облыс тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды Республика күні ұлттық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация тәуелсіздіктің жаршысына айналды.
 Ұлытау облысында өткен Ұлттық құрылтайдың І отырысында Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев: «Республика күні еліміздің мемлекеттілікке бағытталған тарихи қадамының символына айналуы тиіс» — деп атап өткен болатын.
 Биыл қыркүйек айында тиісті заңнамалық актілерге қол қойылып, Республика күні Ұлттық мерекелер қатарына ресми түрде енгізілді.
 Еңселі егемендігімізді ұлықтап, елдік пен бірлікті сақтау – баршамыздың міндетіміз. Жаңа құрылған Ұлытау облысының тұрғындары да еліміздің кемел келешегі мен өңіріміздің өркендеуі жолында еңбек етеді.
 Құрметті жерлестер! Егемендігіміз нығайып, еліміздің әл – ауқаты арта берсін. Әр отбасына амандық, бақ – береке тілеймін. Мереке құтты болсын!