Ұлытау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды

 

Данияр Манатжанұлы Арынғазин 1985 жылы туған.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің қызметкері ретінде бастаған.

2017 – 2020 жылдары Түркістан облысы әкімдігі жанындағы «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры болған.

2020 – 2022 жылдары Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болды.

Облыс құрылғалы Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, кейіннен аталған басқармада басшы болды.

Соңғы уақытта Ұлытау облысы экономика басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.