ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК НЫШАНЫ БЕКІТІЛДІ

Ұлытау облысының өңірлік нышанын анықтау жөніндегі комиссия шешімімен облыстың төлтаңбасы таңдалды.

Мамыр айында жарияланған конкурсқа 24 қатысушыдан 80-нен астам жұмыс түскен болатын. Комиссия алматылық авторлар Бақытжан Бұқарбай мен Дулат Үсенбаев ұсынған жобаны үздік деп таныды.

Төлтаңбамызда «Ұлытау облысы» сөздерімен қатар, қазақ даласының киелі жануары — танымымызға жақын құлан бейнеленген.