Ұлытау облысында жылу беру маусымы қалыпты деңгейде

Биыл өңірде 47,8 шақырым жылу желілеріне толықтай жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 60%-дан 56,1%-ға дейін азайды.

Жалпы Ұлытау облысы енді құрылған жылдары Жезқазған жылу электр орталығы қысқы маусымға 4 қазандықпен кірген болса, биылғы маусым 6 қазандықпен басталды. Бұл – соңғы үш жылда ЖЭО-да атқарылған күрделі жөндеулер мен ауқымды жаңғырту жұмыстарының нәтижесі. Қазіргі таңда қысқы кезең қалыпты өтуде.

Одан бөлек, Сәтбаев қалаларында биыл 2.4 шақырым екі жылу желісі жаңартылды.