Ұлытау облысындағы референдум учаскелерінде дауыс беруде азаматтар белсенділік танытуда
Ұлытау облысы референдум учаскесінде дауыс беру заңнамаға сай жалғасуда. Келушілер тіркеуден өтіп, бюллетень алып, арнайы кабиналарда таңдау жасауда.

Осы учаскеде дауыс берген қала тұрғыны да өз таңдауын жасады.
– Бүгін немереммен бірге келіп, дауыс бердім. Әрбір азамат ел болашағына немқұрайды қарамауы керек. Сондықтан, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде менің де дауысым маңызды деп білемін. Учаскеде барлық жағдай жасалған, ұйымдастыру жұмыстары жүйелі. Отбасымның басқа мүшелері де келіп, дауыс берді, – деді ол.
