ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ТАСҚЫН СУДАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ҮЙЛІ БОЛДЫ
Бүгін Жаңаарқа ауданына қарасты Қараағаш ауылының тұрғындары қоныс тойын тойлады.
Су тасқынынан зардап шеккен Алпыс Исаковтың отбасына берілген баспана аумағы 80 шаршы метрге жуық.
Құны 21 млн. 600 мың теңге.
Салтанатты шараға Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов арнайы қатысып, баспана иелерін жаңа қоныстарымен құттықтады.
Еске сала кетейік, су тасқыны кезеңінде қараағаштық Алпыс Исаков пен Жамбыл Шотовтың үйін су басты. Бүгінде тұрғын үйі жарамсыз қалған бір отбасына арнайы үй тұрғызылса, екінші отбасына өз өтініштері бойынша аудан орталығынан баспана берілді.