Ұлытау облысында Республика күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар легі жалғасуда
Жезқазған қаласының “Ұлытау” спорт сарайында Республика күні мерекесіне орай баскетболдан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Ұлытау облысының чемпионаты басталды.
Турнирді Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Жезқазған қаласының МОРБЖМ мектебімен және ”Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” ММ — мен бірлесіп ұйымдастырды.
Жарысқа Ұлытау облысының білім басқармасына қарасты Абай атындағы мамандандырылған мектеп — интернаты, Білім — Инновация Лицейі, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының 100 — ге жуық мектеп оқушыларының құрама командалары қатысуда.
Жарыс нәтижесі 22 қазанда анықталады.