Ұлытау облысында полицейлер өртенген үйден үш баланы аман алып шықты
Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Сол маңды патрульдеп жүрген патрульдік полиция взводының инспекторлары пәтердің терезесінен шыққан жалынды байқап, дереу көмекке ұмтылған.

«Сол сәтте тұрғын пәтер ішінде кәмелетке толмаған үш баланың қалып қойғанын хабарлаған. Тәртіп сақшылары пәтерге кіріп, төсектің астынан бір баланы тауып, қалған екі баланы терезе арқылы сыртқа шығарып, аман алып қалды», — делінген хабарламада.
Өрт сөндіру қызметі жедел жетіп, тілсіз жауды толықтай ауыздықтады. Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ.
