Ұлытау облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы

2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 11:30-да Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 756-788 шақырым аралығындағы (Жаңаарқа елді мекенінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) учаскесінде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Жолды 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 20:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.