Ұлытау облысында көктемгі су тасқынына дайындық басталды

Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары А.Бәрекенов пен Ұ.Үсенов бірқатар басқармалардың басшыларымен және төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен бірлесіп көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында өңір аумағын аралап шықты.

️ Атап айтқанда, Кеңгір өзенінің бойындағы су басу қаупі бар ауылдар мен қыстақтар қаралды. Сондай-ақ, ұшу кезінде облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су өткізгіш құбырлар мен көпірлердің жұмысы бойынша тапсырмалар берілді.

«Көктемгі су тасқынына дайындықты қазірден бастап, қыстың қызған шағында бастау керек», – деп атап өтті Ұ.Үсенов. Сарапшылар өз кезегінде су тасқыны кезеңіне дайын екендіктерін айтты.