Ұлытау облысында екі қайырымдылық спорт залы ашылады

Ұлытау облысында балаларға арналған екі қайырымдылық спорт залы ашылады. 


1-2 желтоқсанда «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының бастамасымен Ұлытау облысының Жезді және Талап ауылдарында балаларға арналған қайырымдылық спорт залдары ашылады.
️ Спорт залдар «Қазақстан халқына» қорының «24 балалар спорт залы» қайырымдылық жобасы аясында іске қосылды. Жездідегі спорт зал бағдарлама аясындағы 10-шы, Талаптыдағы зал бағдарлама аясында ашылған 11-ші спорт залы болады.
Жобаның басты мақсаты – еліміздің шалғайдағы елді мекендерінде немесе спортқа қолжетімділік деңгейі төмен ауылдық жерлерде балалар спортының қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Жобаның мақсатты аудиториясы – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар.
Қайырымдылық балалар спорт залдарын ашу жобасының ерекшелігі балалар арасында спортпен шұғылдану үшін жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар спорт секцияларына бару барысында болашақ спортшыларды жаттықтырушылар тарапынан адамгершілікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын, достық, өзара көмек, қолдау құндылықтарын насихаттау.
Ауылдарда залдың ашылуы кездейсоқ емес. Бүгінгі таңда ауылдарда балалар спортын дамыту үшін жағдай жасалмаған және заманауи спорттық инфрақұрылым жоқ. Әрі ауылдың шалғайлығына байланысты жергілікті тұрғындардың жақын маңдағы елдімекендердегі спорт секцияларына тұрақты баруына мүмкіндігі жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры жабдықтар мен спорттық инвентарьды сатып алуға қайырымдылық көмек көрсетті. Ғимарат «қазақша күрес» және бокспен айналысу залдарымен жабдықталған. Бағдарламаны іске асырудағы Қордың серіктесі – «Батыр боламын!» қоғамдық қоры.
Айта кетейік, 24 залды ашуға арналған қайырымдылық бағдарламасының бюджеті – 183 623 000 теңге. Ашылу салтанатына облыстық спорт басқармасының, аудан әкімдігінің өкілдері, кәсіби спортшылар мен жұртшылық өкілдері қатысады.

Байланыс телефондары:

+7 701 824 8822
+ 7 707 585 15 85