Ұлытау облысында балық аулауға шығып, жоғалып кеткен алты адам табылды

Ұлытау облысында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен алты балықшы аман-есен табылды. Жангелдин ауылдық округіне қарасты Дулығалы өзені маңында жоғалған азаматтарды іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды.
«13 желтоқсан күні екі көлікпен балық аулауға шығып, белгіленген уақытта байланысқа шықпаған алты адам туралы хабар түскен. Іздестіру жұмыстары барысында ТЖМ «Қазавиақұтқару» қызметі тікұшағының көмегімен үш адам әуеден анықталды. Қалған үш азамат Ақтас кентінен тікұшақпен эвакуацияланды», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Эвакуацияланған азаматтардың бірінен аяқ-қолдың үсу белгісі анықталып, медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.