Ұлытау облысына «Жәрдем» медициналық пойызы келетінін ХАБАРЛАЙМЫЗ!
ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастауымен, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп 2016 жылдан бастап «Жәрдем» медициналық пойызы» атты әлеуметтік жоба жүзеге асырып келеді.
Қазіргі таңда «Жәрдем» медициналық пойызы заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен (УДЗ, флюорография және т.б.), шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, интернетке сымсыз қосылуға арналған байланыс құралдарымен жабдықталған.
Жобаның мақсаты шалғайдағы станция тұрғындарына негізгі медициналық мамандықтардың білікті мамандарынан (терапевт, стоматолог, офтальмолог, ЛОР дәрігері, хирург, уролог, маммолог, педиатр, психолог) тегін тексеруден және емдеуден өтуді қамтамасыз ету.
«Жәрдем» пойызының әр станция қызмет көрсету уақыты 1-2 күн.
Азаматтарды қабылдау сағат 09.00-18.00 аралығында үзіліссіз жүргізіледі.
Сонымен қатар, жоба шеңберінде кәсіби және тәжірибелі медиаторлар мен заңгерлер тартылып, шалғай станцияларда тұратын азаматтарға тиімді медиациалық, психологиялық, құқықтық және медиативті (татуластық) көмек көрсету қызметтері тегін ұсынылмақ.
Бекітілген кестеге сәйкес аталған поезд Ұлытау облысының келесідей станцияларына тоқтайды:
№ Станцияның
атауы Келу Жөнелтілуі
күні уақыты күні уақыты
1. Теректі 09.08. 08-57 09.08. 21-50
2. Қарсақбай 10.08. 01-08 11.08. 22-00
3. Байқоңыр 11.08. 22-57 13.08. 22-00
4. Қоскөл 13.08. 23-58 15.08. 22-58.