Ұлытау облысына Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов келді

 Ішкі істер министрі М.Ахметжанов Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келіп, өңір тұрғындарымен кездесті. Іс — шараға облыс басшылығы, түрлі ведомстволар мен мекемелердің басшылары, облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, сондай-ақ зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.
 Ең алдымен министр өңір тұрғындарына полиция департаментінің жаңа бастығы Қ.Әлиевті таныстырды.
 Халықпен есептік кездесу барысында ведомство басшысы ішкі істер саласындағы реформалар туралы айтып, жиналған халықтың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, полиция генерал — лейтенанты азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
 Жұмыс сапарының соңында өңір басшысы Б.Әбдіғалиұлы мен Ішкі істер министрі М. Ахметжанов облыстық полиция департаментінің ғимаратына барды.