Ұлытау облысы орташа айлық көлемі бойынша алғашқы үштікке кіреді

Ұлытау облысы орташа жалақы көлемі жөнінен республика бойынша 3-орынға табан тіреді. Бұл туралы облыс басшысы Берік Әбдіғалиұлы ОКҚ-де өткен брифингіде айтты.

«Орташа айлық жалақы 471 300 теңгеге дейін өсті, бұл орташа республикалық деңгейден 1,3 есе жоғары, республика бойыша 3 орын. «Жұмыссыздық деңгейі 4,2% құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен төмен», – деді Берік Әбдіғалиұлы.

Облыс басшысының айтуынша ел экономикасының жалпы көлеміндегі облыстың жалпы өңірлік өнімінің үлесі 1,6 пайызды құрайды (Жетісу облысынан кейінгі орында). Ал, жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. (Қазақстан Республикасында Атырау облысы мен Астана, Алматы қалаларынан кейін 4-ші орын) және 3,3 млн теңгені құрайды, бұл орташа республикалық деңгейден 29,6%-ға жоғары.

Бұл ретте облыс экономикасының одан әрі даму векторын айқындайтын өнеркәсіп болып табылады, оның ЖӨӨ-дегі үлесі 60% -дан асады (ҚР-да – 30%).