Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды
Конкурстық комиссияның шешімімен Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Жасұлан Дәлкенұлы Рүстемов тағайындалды.
Жасұлан Дәлкенұлы 1986 жылы Ұлытау ауданында дүниеге келген. 2007 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетін «Құқықтанудағы ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, 2020 жылы Қазақ технология және бизнес университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару»мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Қарағанды қаласының «Талап» және «Фемида» колледждерінде ақпараттық жүйелер оқытушысы болып бастаған.
Әр жылдары ақпараттандыру және байланыс қызметінің бастығы, көліктегі мониторинг және бақылау басқармасының сарапшысы, ақпараттандыру басқармасының бас сарапшысы, ҚР көлік және коммуникация Министрлігі мен ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінде құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы болды.