Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2023 жылғы қызметінің қорытындылары

Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі — Департамент) 2023 жылы 41 аудиторлық іс-шара өткізді, оның ішінде 9 аудиторлық іс-шара бекітілген тізбеге сәйкес, 32 жоспардан тыс аудиторлық іс-шара.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 2 млрд. 198 млн. теңгеге бұзушылықтар, оның ішінде 1 млрд. 909 млн. теңге сомасында бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтар немесе 86,8% және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар 289,1 млн. теңге немесе белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасынан 13,2% анықталды.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан – 1 млрд. 521,1 млн. теңге (мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар сомасынан басқа, анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасының 79,7%-ы), оның ішінде 1 млрд. 408 млн. теңге (немесе қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасының 92,6%-ы) қалпына келтіруге және бюджетке өтеуге, сондай-ақ бюджетке өтеуге – 112,5 млн.теңге (немесе қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасының 7,4%) жатады.
Есепті кезеңде қабылданған ден қою шараларымен Департамент 1 млрд. 467 млн. теңге немесе 96,5% қалпына келтірді және бюджетке өтелді, оның ішінде 1 млрд. 408 млн. теңге (немесе қалпына келтіруге және көрсетуге жататындардың 100%) есепке алу бойынша қалпына келтірілді және көрсетілді, 58,8 млн. теңге (немесе өтеуге жататындардың 52,3%) мөлшерінде негізсіз пайдаланылған қаражат бюджетке өтелді.
Анықталған бұзушылықтарды жоюға және жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы жолданылған нұсқамалар негізінде, мемлекеттік аудит объектілерінің 41 жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасы әртүрлі заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін мемлекеттік аудит объектілерінің жауапты лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік іс жүргізу қозғалды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 146 хаттама жасалды, онда салынған айыппұлдың жалпы сомасы 17,3 млн. теңгені құрады, олар бюджет кірісіне толық көлемде өндіріп алынды.
2023 жылы қамтылуға жататын 7 168 лоттың жалпы сомасы 202,6 млрд. теңге, 7 061 лоты (немесе қамтуға жататын лоттардың жалпы санының 98,5%) жалпы сомасы 198,5 млрд. теңгеге камералдық бақылаумен қамтылып, оның 1 796 лоты бойынша сомасы 22,8 млрд. теңгеге бұзушылықтар (немесе қамтылған лоттардың жалпы санының 25,4%) анықталды.
Есепті кезеңде 1 762 хабарлама орындалды (немесе жіберілген хабарламалардың жалпы санының 98,1%), оның ішінде 34 хабарлама бойынша орындау мерзімі басталмады, ал орындау мерзімі өткен хабарламалар бойынша Департамент камералдық бақылаудың тиісті ден қою шараларын қабылдады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында, Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы іс-қимылға бағытталған 77 іс-шара өткізілді.
Аудиторлық қызмет нәтижелерін БАҚ арқылы және интернет-ресурстарда (теледидар, жергілікті баспа басылымдары және т.б.) жариялау бойынша Департаментпен 53 іс-шара өткізілді.
2023 жылы Департаментке барлығы 1 132 өтініш келіп түсті және тіркелді, оның ішінде жеке тұлғалардан 256, заңды тұлғалардан 876. Келіп түскен өтініштердің негізгі үлесі мемлекеттік сатып алу саласына тиесілі, сондықтан тіркелген өтініштердің жалпы санының 1 086 немесе 95,9% — ы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне жатады.
Есепті кезеңде барлығы 1 070 өтініш қаралды, оның ішінде 388 өтініш қанағаттандырылды, 241 өтініш бойынша түсініктемелер берілді, 299 өтініш берушіден бас тартылды (қанағаттандырылмады), 70 өтінішті өтініш берушілер кері қайтарып алды, сондай-ақ ведомстволық бағыныстылығы бойынша басқа органдарға 65 жіберілді, 7 өтініш қаралуда.