Ұлытау ауданында туристік орындарда сенбіліктер өткізілуде
«Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ қызметкерлері Ұлытау ауданында туристер көп баратын орын «Әулиетау» баурайына және тау басына сенбілік жұмыстарын жасады.
Ұйымдастырылған сенбілік барысында аумақты қоқыс қалдықтарынан тазартып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Алдағы уақытта басқа да тарихи орындарға тазалық жұмыстары жүйелі жоспарға сәйкес жалғасатын болады.