Ұлытау ауданы бойынша көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері
Мереке күндеріне әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға біржолға көрсетіледі:
1) 1-2 қаңтар – Жаңа жыл:
18 жасқа толмаған мүгедек балаларға — 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр-Ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, жоғарғы оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы отбасыларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
3) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні:
Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне — 100 000 (жүз мың) теңге;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға — 100 000 (жүз мың) теңге;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы ) қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге — 100 000 (жүз мың) теңге;
қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына — 100 000 (жүз мың) теңге;
басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттардағы жұмысшылар мен қызметшiлерге — 100 000 (жүз мың) теңге;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына — 100 000 (жүз мың) теңге;
4) 9 мамыр – Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 50 000 (елу мың) теңге;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 50 000 (елу мың) теңге;
5) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:
1, 2 және 3 топтағы мүгедектерге – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
6) 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне:
жетпіс жастан асқан және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге — 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
7) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне:
саяси қуғын — сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
7. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайдағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолға келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра — 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолға төленеді;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өрт оқиғасы орын алған жерде азаматтарға (отбасыларға) әлеуметтік көмек орташа табысын есепке алынбай — 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолға төленеді;
3) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:
Қатерлі ісіктер ауруына шалдыққан адамдарға әлеуметтік көмек орташа табысын есепке алынбай — 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолға төленеді;
туберкулезге шалдыққан адамдарға әлеуметтік көмек орташа табысын есепке алынбай — 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолға төленеді;
адамның иммунитет тапшылығы вирусын (АИВ) тудыратын ауру жұқтырған адамдарға әлеуметтік көмек орташа табысын есепке алынбай — 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолға төленеді.
8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
9. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
10. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Ұлытау ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.
11. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
12. Әлеуметтiк көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Ұлытау ауданының шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық — әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
13. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен қайтаруға жатады.