Ұлытау аудандық мәслихатында «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы құрылды
Бүгін «AMANAT» партиясы Ұлытау аудандық филиалының төрағасы Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВТІҢ басшылық етуімен филиал Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Басқосудың күн тәртібіне «Ұлытау аудандық мәслихатында «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясын құру туралы» мәселе қойылды.
Тақырып толық талқыланып, тиісті қаулымен партия фракциясының төмендегідей құрамы бекітілді:
1. Әбілдина Марфуға Бекмырзақызы.
2. Ақшалов Медет Мырзабекұлы.
3. Асанханова Гүлдана Жеңісқызы.
4. Балшықбаева Зәуреш Қабденқызы.
5. Ершұманова Эльмира Саматқызы.
6. Жүгінісов Нұрлан Әбдіғазыұлы.
7. Нұрғазинов Бақытжан Сабырұлы.
8. Смағұлов Азамат Сайлауұлы.
***
Фракцияның ертеңге жоспарланған алғашқы отырысында ұйымдастыру жұмыстарына қатысты бірқатар мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдау көзделіп отыр.
Өз тілшімізден.