ҰЛЫТАУ-АРҚАЛЫҚ: ЖОЛ АЗАБЫ АЗАЯДЫ

Республикалық маңызы бар Ұлытау – Арқалық тас жолының 20 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Асфальт төсеу жұмыстарымен мердігер – «Дорстрой материал» ЖШС айналысады.

Жасалып жатқан жұмыс барысын аудан әкімі Аманжол Мырзабеков, аудандық мәслихаттың төрағасы Ахат Құрмансейітов, аудан прокуроры Рахымжан Рахатов барып көріп, тиісті мердігерге жұмыстарды сапалы етіліп аяқталуын тапсырды.

Бұл жұмыстарға қаражат республикалық бюджет есебінен бөлінді.