Ұлы Даланың қорғаны – қазақ сарбаздары

Міне, 2025 жылы Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Бұл – тек тарихи дата ғана емес, ұлт жадындағы ұлы ерліктің, батырлық пен қайсарлықтың символы. 1941–1945 жылдары халқымыз адамзат тарихындағы ең ауыр соғыстардың бірінде жеңіске жетіп, бейбіт өмір мен болашақ ұрпақ үшін жан аямай күресті.

Қазақстандықтар да бұл соғысқа елеулі үлес қосты. Бір жарым миллионнан астам азамат майданға аттанып, олардың көпшілігі ерлікпен қаза тапты. Мәскеу, Сталинград, Ленинград түбіндегі шайқастарда, Берлинге дейін жеткен ұрыстарда қазақ сарбаздарының қайсарлығы ерекше аталды. Тылдағы халық та тынымсыз еңбек етіп, жеңісті жақындатуға зор үлес қосты.

Серік ТАШЕНОВ,
Ұлытау ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы.