Ұлттық қорды енді Тоқаев басқарады

Мемлекет басшысы Президент жанынан Ұлттық қорды басқару жөніндегі жаңа кеңес құрып, оған өзі төрағалық ететін болды.

Кеңестің құрамы:

⏺Президент (төраға);
⏺Премьер-министр;
⏺Сенат төрағасы;
⏺Мәжіліс төрағасы;
⏺Президент әкімшілігінің басшысы;
⏺Ұлттық банк төрағасы;
⏺Премьер-Министрдің бірінші орынбасары;
⏺Жоғары есеп палатасының төрағасы;
⏺Қаржы министрі;
⏺Ұлттық экономика министрі.

Кеңестің міндеті:

қор қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру;

қордан республикалық бюджетке берілетін трансферттің көлемін қарау;

ұлттық қор арқылы маңызды мемлекеттік жобаларды қаржыландыру;

зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Президенттің өзі:

кеңесті басқарады;

отырыстарды өткізу орны мен уақытын айқындайды;

‍кеңес мүшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар береді.