Ұлт мүддесі – басты мұрат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАВТЫҢ «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» тақырыбы телінген мақаласын зор ынтамен, үлкен тебіреніспен оқып, таныстым. Өзегінде ұлт мүддесі тұнып тұрған, өте ойлы, көкірегінде сәулесі бар адамның санасын сілкінтетін дүние екендігі шүбәсіз.

Шынымен де, кез келген ұлт үшін, оның ішінде небір зобалаңды басынан өткерген ел азаматтары үшін Тәуелсіздіктен қымбат ұғым болмауы тиіс. Президент, міне, осыған екпін беріп, маңызды мәселелерге қатысты етек-жеңді жинақы ұстау жайын ескертеді.

Қасым-Жомарт Кемелұлының «Тоталитарлық кезеңде ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Оның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралды. Бірақ, ұлт пен ел ретінде сақталып қалу үшін бүгінгі және болашақ ұрпақ жаңа сын-қатерлерге дайын болуы керек» деген сөзінің астарына тереңірек үңіліп, жете бағамдай білген жөн.

Сананы сергек ұстау, сөзбен де, нақты іспен де ел ертеңінің кемел болуына үлес қосу – бірегей міндет. Бұл ретте, адамдардың жас мөлшері есепке алынбауы тиіс. Себебі, қастерлі парыздың қай буын өкіліне болсын тікелей қатысы бар.

Тұрар АЛПЫСБЕКОВ,

білім беру саласының ардагері.

ҚОРҒАСЫН ауылы.