Өлкетануды дамыту – елді өркендету

Ұлытау ауданы Сарлық ауылындағы өлкетану мектеп музейі толық жаңғыртудан өтіп, мазмұны байытылып, «Туған өлке – тұнған шежіре» деген атаумен салтанатты түрде қайта ашылды.

Ашылу шарасына мектеп директорлары, ұстаздар және ауыл тұрғындары қатысып, музейдің жаңа келбетін тамашалады. Іс-шара ұстаздарға арналған мазмұнды шеберлік сабағымен басталды.
Салтанатты бөлімде аудан әкімінің орынбасары А. Қайырбек, білім бөлімінің басшысы Б. Абдраимов, аудандық өлкетану музейінің басшысы Р. Шымбергенов, М.Төрегелдин атындағы мұражай директоры З. Зікірқызы құттықтау сөз сөйлеп, жаңартылған музейдің маңызын атап өтті.
Кештің ажарын ашқан концерттік бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, іс-шараның көркін келтірді. Соңында көптен күткен музейдің салтанатты лентасы қиылып, тарихқа толы жаңа кеңістік ресми түрде ашылды.
Бұл – ауыл тарихын танып, өткенді құрметтеуге бағытталған маңызды қадам.