Ләйлә Сұлтанқызы: «Елімізде жастардың сапалы білім алуына барлық мүмкіндік жасалған»

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Астанада конституциялық реформаға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған live-концертке қатысты.

Ол елімізде адам құқығын қорғауға, жастардың сапалы білім алуына барлық мүмкіндік жасалғанын мәлімдеді. Журналист өскелең ұрпақты білімді болуға, түрлі зерттеулерді қолға алуға шақырды.