Конституция жобасын қолдауға бағытталған жиын өтті
Ұлытау аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұжымы арасында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған жиын ұйымдастырылды.
Іс-шарада аудандық коалиция төрағасының орынбасары Ахат Құрмансейітов және коалиция өкілдері – Ұлытау ауданының Құрметті азаматы Шаяхмет Үмбетов, Марфуға Абильдина мен Рахат Ниязов сөз сөйледі.

Басқосу барысында баяндамашылар Ата заң жобасына ұсынылған негізгі өзгерістерге жан-жақты тоқталып, олардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі, әлеуметтік теңдікті нығайтудағы және халықтың әл-ауқатын арттырудағы рөлін атап өтті.
Сондай-ақ әлеуметтік қолдау жүйесінің мәні, мемлекет пен қоғам арасындағы ортақ жауапкершілік, қоғамдық құрылымдардың шешім қабылдау процесіне атсалысуы секілді өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылып, қатысушылар пікір алмасып, көкейлеріндегі сауалдарын жолдады. Мұндай шаралар конституциялық реформалардың мазмұнын кеңінен насихаттауға және қоғамдағы сындарлы әңгіме алаңын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

