Коммуналдық төлемдер ай сайын төленуі тиіс
Аудан прокуратурасымен «Ұлытау ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары жəне тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-де (бұдан əрі — Бөлім) 2020-2022 жж. жəне а.ж. өткен кезеңінде тұрғын үй заңнамасының сақталуына талдау жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталды.
Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 1-тармағына сай мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшерін уəкілетті орган бекіткен, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жəне жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу əдістемесіне сəйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (коммуналдық тұрғын үй қорынан), мемлекеттік мекеменің əкімшілігі (мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан) немесе мемлекеттік кəсіпорынның əкімшілігі (мемлекеттік кəсіпорынның тұрғын үй қорынан) белгілейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.12.2011ж. №1420 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру жəне пайдалану қағидаларымен» мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгі шарты бекітілген.
Шарттардың есеп айырысуды жүргізу тəртібіне сəйкес жалға алушы шартты жасасқан сəттен бастап он күнтізбелік күн ішінде тұратын алғашқы айға толық көлемде алдын ала төлем жасайды. Сонымен қатар, шарт бойынша бір айдан артық ақы төленбеген жағдайда жалға беруші соттың шығындардың орнын толтыра отырып, жалға алушыдан төлемді мəжбүрлеп өндіріп алу туралы сотқа жүгінуге құқылы.
Өз кезегінде, Бөлім азаматтарға берілген тұрғын үйлердің жалдау ақысының есеп-қисабын жүргізбеуі салдарынан 18 пəтердің жалдау ақысы төленбей, қарыз қалыптасқан.
Аудан прокуратурасының еңгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде мемлекет пайдасына пəтердің жалдау ақысы өндірілді, сондай-ақ 1 пəтерді жалға алушы төлемді уақтылы төлемегені үшін сот органдарына талап-арыз жолданған жəне Бөлімнің қызметкері тəртіптік жауапкершілікке тартылды. Аудан прокуратурасы аудан тұрғындарын тұрғын үйді жалдау ақысын ұзақ уақыт төлемеген жағдайда мəжбүрлі түрде сот органдарымен өндірілетіндігі жəне баспанадан айырылып қалуға болатындығы туралы ескертеді.
Ұлытау ауданының прокуратурасы.