Әкімдер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуі керек – Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы жерін беру тәсілін түбегейлі өзгертуді ұсынды.
«Жер иесіз қалмауы керек. Жерді тек қана оның қадірін білетін адамға ғана беру керек. 2022 жылдан бері жалпы аумағы 13,5 млн гектардан астам жер қайтарылды. Бірақ әкімдер соның 6 млн гектарын ғана жер игеруге берілген. Иесін тапқан жер өндірістің ошағына, инвестиция көзіне, қайнаған еңбектің ортасына айналуы керек. Бұл – анық нәрсе. Сондықтан әкімдер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуі керек. Бұл шара арқылы жайылым тапшылығы да шешілуі тиіс. Ауыл шаруашылығы жерін беру тәсілін түбегейлі өзгерту керек. Осыған орай жерді бөлуге қатысты шешім цифрлық форматта электронды конкурстар арқылы қабылдануы тиіс», – деді Президент Жолдауда.
Үкімет жыл соңына дейін заңнамаға тиісті өзгертулер ұсынуы қажет.